amin.kz/20 наурыз, 2020 жыл. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының жұма уағызы онлайн режимде көрсетіледі.
Астана уақытымен сағат 13.00-де тікелей эфирде өтетін уағызды Hikmet. TV арнасының You tube желісіндегі каналынан қарауға болады. Уағыз «Ислам – тазалық діні» тақырыбына арналып отыр.
Еске сала кетелік, бүгінде Қазақстанмен бірге көптеген мұсылман мемлекеттер пандемияның ушығуына байланысты жұма және бес уақыт намазды мешіттерде оқуға уақытша тоқтау салды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.