amin.kz/ 24 сәуір, 2020 жыл. Қасиетті Рамазан айының басталуына орай ертең, 24 сәуірден бастап «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан «Ораза қабыл болсын!» арнайы хабары эфирге шығады.
⠀
Мемлекет тарапынан елде төтенше жағдай жариялануына және індеттің таралу қаупі жоғары болуына байланысты биыл Рамазан айында мешіттерде тарауық намазы оқылмайды. Оны әркім өз үйінде отбасымен бірге оқи алады.
⠀
Осыған орай Қазақтан мұсылмандары діни басқармасының ресми өкілдері мен дін саласының өзге де мамандары бір ай бойы, күн сайын 21:00-де тікелей эфирге қатысып, Ораза айын өткізу тәртібіне қатысты қазақстандықтардың сауалына жауап береді.
⠀
Алғашқы қонақ – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
⠀
Тікелей эфир нөмірлері: 8 (7172) 75 70 77, +7 778 021 70 77.
⠀
Қоңырау шалуға мүмкіндік болмаған жағдайда, сауалдарыңызды әлеуметтік желідегі ресми парақшаларымызға жолдай аласыздар.
⠀
Ораза қабыл болсын!