Данияда мұсылман әйел талай науқасты аман алып қалуға болатын құрылғы ойлап тапты

Мариям Нұр есімді инженер Даниядағы Орхус университет емханасының кардиологтерімен бірігіп, герметикалық емес жүрек қақпақтарын қатайтатын сақина ойлап тапты.

Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның бұл құрылғысы талай науқастың аталған дерттен аман қалуына көмектеседі. Герметикалық емес (яғни, қабыспайтын мағынасында айтылып тұр – ред.) жүрек қақпасы (жүрек қақпақшасының ағып кетуі) немесе қолқа жеткіліксіздігі – сол жақ қарынша мен базиллярлы артерия арасындағы клапанның толық жабылмауын білдіреді. Бұл дерттің ауыр өтуі түрлі деңгейде болады.

Бұл туабітті дерт немесе жүре келе жабысатын дерт.  Клапан герметикалық емес жағдайда болса, қан жүрекке қайта оралады, осыған байланысты жүрек қанды айдау үшін шамадан тыс жұмыс істейді, яғни, жүрекке шектен тыс күш түседі. Ал бұл өз кезегінде жүрек ақауына апарып соқтырады.

Кей жағдайларда аталған дерттен зардап шегетін науқастарға жасанды жүрек қақпақшасы қондырылады (ағза трансплантациясы) отасы арқылы. Кез келген хирургиялық тәсіл түрлі қабынулар мен асқынуларға жол ашуы мүмкін. Орхус университетінің электрлі және компьютерлі технология кафедрасының докторанты Мариям Нұр мен аталмыш жоғарғы оқу орнының жүрек-қан тамырлары мен өкпе хирургиясы бөлімі осындай құрылғы ойлап тапты.

2022 Дерккөз: Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы