29 наурыз күні ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Нұр-Мүбарак университетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – дінаралық татулық бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Нұр-Мүбәрак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад әш-Шаххат әл-Жинди, ҰҒА академигі, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ресей Ислам институтының ректоры (Татарстан), профессор Рафик Мухаметшин, Халықаралық имам Бұхари ғылыми зерттеу орталығының (Өзбекстан) директоры Шавасил Зиядов, Ишеналы Анарбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің Тарих және әлеуметтік құқықтық білім беру факультетінің деканы, профессор Назира Курбанова, Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің меңгерушісі, профессор Бақытжан Сатершинов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор Айнұр Құрманалиева, Нұр-Мүбарак университеті Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры Шамшәдин Керім, басқа да ғалымдар қатысып, баяндама жасайды деп күтілуде.
Сондай-ақ конференция аясында Хусамуддин ас-Сығнақи атындағы оқу залының салтанатты ашылу рәсімі мен оның «әт-Тәсдид» кітабының қазақша аудармасының тұсаукесері және Әбсаттар қажы Дербісәлі атындағы аудиторияның салтанатты ашылуы өтеді деп жоспарланып отыр.