Доссор мешітінде білім сайысы өтті

Мақат ауданына қарасты Доссор елдімекенінің Сатан Шәмек мешітінде жамағат арасында білім сайысы өтті.

Рухани сайыс барысында жамағат ислам негіздері, әдеп, иман тақырыптарына қатысты мәселелерді ортаға салды.

Аудан ұстаздарының қазылығымен өткен рухани сайыста сапалы білім көрсеткен қатысушылар марапатталды.