Доссор мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Мақат ауданына қарасты, Доссор мұсылмандары орталық мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 15 отбасыға азық-түлік берілді.

Ізгі шара көп балалы отбасыларды қамтыды.

Еске сала кетсек, қайырымдылық Мүфтият бекіткен негізгі жұмыс бағыттарының бірі.

Қайырымдылық адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі және ізгіліктің анық көрінісі болып есептеледі. Қасиетті Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші.

Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі» делінген.