Доссор елдімекенінде балаларға сыйлық таратылды

Мақат ауданына қарасты Доссор елдімекенінде 200 балаға сыйлық таратылды.

Доссор мешіті ұжымы ұйымдастырған шара аясында балалар үшін ерекше тосын сый болды.

«Халқымызда «Берсең, балаға бер» деген тамаша сөз бар. Ислам дінінде де баланы қуанту ең ізгі амал болып табылады. Біздің мақсатымыз балаларға қуаныш сыйлау болды» дейді ұйымдастырушылар.