Доссор мешітінде Мәуліт кеші өтті

Қасиетті Мәуліт айының басталуына орай, Мақат ауданына қатысты Доссор мешітінде әйел жамағатына арналған Мәуліт кеші өтті.

Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) туған күніне арналған рухани мерекелік іс-шараға шамамен 30-ға жуық әйел жамағаты қатысты.

Рухани кеш барысында пайғамбардың өмірі туралы насихаттар, уағыздар оқылып, қасиетті Құраннан сүрелер айтылды. Сонымен қатар, діни әндер орындалып, қатысушылар дұға жасап, рухани тазалыққа, жақсылыққа, ізгілікке үндейтін насихаттар айтылды.

«Қияметтегі шапағатшым Мұхаммед »атты Мәуліт кешінде ұстаз Ардақ Сайынқызының бастамасымен өткен «Сира» сайысынан 2-ші орын алған Гүлсінай Қуаналиеваға Гүлсағат Оңласынқызы ұстаздың бастамасымен «ән-Нуур» жамағатының қолдауымен Умраға жолдама тарту етілді.