Елімізде «Абай. Алаш. Асыл дін» тақырыбында шығармашылық байқау жарияланды

Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ақын, ғұлама-ойшыл Абай Құнанбайұлының 180, Алаш қозғалысының 120 жылдығы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына орай республикалық «Иман» журналы мен «Мұнара» газеті оқырмандар арасында «Абай. Алаш. Асыл дін» тақырыбында шығармашылық байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты:

* Абайдың асыл сөзі мен мол мұрасын, сондай-ақ Алаш қайраткерлерінің сара жолы мен ерен еңбегін газет-журнал оқырмандарына дәріптеу.

* Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық белесі қарсаңында атқарылған баянды бастамалар мен осы кезеңде еліміздегі Ислам дінінің дамуына үлес қосқан ардагер имам-ұстаздардың өнегелі ісін оқырмандарға насихаттау.

Байқаудың міндеті:

* Оқырмандарды Абайдың өлеңдерінен нәр алып, қарасөздерінен ғибрат түюге, сондай-ақ Абай шығармашылығында айтылған дін мен дүниетаным, рух пен мінез, тұрмыс пен тіршілік, болмыс пен бітім, тіл мен діл тақырыптарын таразылауға шақыру.

* Алаш қайраткерлерінің, соның ішінде дін қызметкерлерінің (қази, мұхтасиб, ахун, ишан т.б) елеулі еңбектерін көпшілікке таныстыру. Сонымен қатар Діни басқарма аясында (мешіттер, медреселер т.б) қызмет еткен ардагер имамдардың оқиғалары арқылы оқырмандарға ой салу.

* Ел арасындағы шығармашылық иелерінің қабілет-қарымын шыңдап, журнал оқырмандарын тың мәліметтермен байытып, пікір алмасуға жол ашу.

Байқау шарттары:

* Байқауға Абай өмірі мен шығармашылығына, Алаш қайраткерлерінің өнегелі жолына, сонымен қатар дін қызметкерлерінің игі істеріне арналған барлық жанрдағы (эссе, мақала, естелік, зерттеу, сұхбат т.б) шығармалар қабылданады.

* Шығармашылық жұмыстар Microsoft Word түрінде жолдануы қажет. Мақала көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен жазылуы және 5 беттен аспауы тиіс.

* Бір қатысушы бір ғана материал жібере алады. Шығармалар қазақ тілінде қабылданады. Байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.

* Бәйгеге қатысушылар жұмыстарына толық аты-жөнін, телефон нөмірін, мекен-жайын және өздері туралы қысқаша мәлімет қосып, iman@muftyat.kz электронды поштасына жолдауы қажет.

Байқау талаптары:

* Шығармашылық жұмыстар «Абай. Алаш. Асыл дін» шығармашылық байқауына» деген белгімен қабылданады.

* Жұмыстарды қабылдау 2025 жылғы 15 қаңтарында басталып, 2025 жылғы 15 тамыз күні (сағат 18.00-де) аяқталады.

* Тақырыпқа мүлдем қатысы жоқ, елімізді, тілімізді, дінімізді мансұқтайтын материалдар қабылданбайды.

* Шығармалардың мазмұнды, көркем, сапалы объективті, креативті және өзекті болуына аса мән беріледі.

Байқау барысы:

* Байқау жеңімпаздарын кәсіби журналистерден және дін мамандарынан жасақталған қазылар алқасы анықтайды.

* Жеңімпаздар 2025 жылғы тамыз айында (нақтырақ уақыты қосымша хабарланады) анықталады.

Жүлде қоры:

Бірінші орын – Ұмра қажылығына жолдама.

Екінші орын – 300 мың теңге.

Үшінші орын – 200 мың теңге.

Бұдан бөлек 5 адамға ақшалай ынталандыру (100 мың теңгеден) сыйлығы беріледі.

Ұйымдастырушы: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мұнара» газеті мен «Иман» журналы.

Редакцияның мекен-жайы: 

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 65.