Елімізде 2 248 177 зейнеткер бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«2022 жылғы I тоқсанға жасы бойынша зейнеткерлер саны 2 248 177 адам болса, тағайындалған орташа зейнетақы мөлшері әлеуетті құрылымдар есебімен 71 889 теңгені құрады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің орташа мөлшері 2022 жылығы I тоқсанға 32 455 теңге болды. 2022 жылғы I тоқсанға тағайындалған тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері – 7 486,2 теңге, оны 18 837 отбасы алды.
2022 жылғы қаңтар-маусымда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері – 6 657 теңге, ол 592 298 адамға берілді», – делінген бюро ақпаратында.