26 қыркүйек күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» II республикалық еріктілер форумы өтеді. Форумға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, республикамыздың барлық аймағынан зекет өкілдері мен еріктілер қатысады.
25 қыркүйек – «Еріктілер күні» деп бекіткен алғашқы форумнан қазіргі күнге дейін барлық өңірлерде 52 іс-шара өткізіліп, еріктілердің жалпы саны 5000-ға жетіп отыр. Еріктілеріміз одан бөлек елімізде және әлемде болған табиғи апат кезінде де өз көмектерін аямады.
Атап айтсақ Екібастұз қаласында болған апатта, Түркия және Сирия елдеріндегі жер сілкінісінде, Абай облысында болған алапат өртте аянбай қызмет етті. Ал осы жылдың жаз айлары елімізде қатты ыстық болып, Семей, Атырау, Астана қалаларында алапат өрт орын алды. Осы орайда қайырымдылық жаршылары «Жылжымалы өрт сөндіру станциясын» және оқу жаттығу полигондарын ұйымдастырды.
«QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» II еріктілер форумында Республика бойынша кеңесті жинап, «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» еріктілерінің келбеті», «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» еріктілерінің жылдық жоспарын бекіту және «Үздік қайырымдылық жобаны» таңдау, «Жыл жанашырын» марапаттап, қазіргі таңдағы атқарылып жатқан жобаларды таныстыру жоспарланған.
Форумға республика бойынша жалпы саны 300 адам қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері де бар.
Өтетін орны: Астана қаласы, Қарасаз к-сі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимараты, «Al Farabi» мәжіліс залы.
Өтетін күні: 26 қыркүйек, 2023 жыл.
Басталуы: Сағат 11:00.
Қосымша ақпарат үшін:
Мирзакулов Әли: +7 7702 453 9393
Әсел Нұрпейсқызы: +7 775 826 9990