Индер ауданы, Елтай ауылындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы мешітінің имамы
Рысбек Ахметұлы мектеп оқушыларымен кездесті.
Мұқанғазы Сиранов атындағы орта мектебінде өткен кездесуге оқушылар мен мұғалімдер қатысты. «Имандылық – күллі тәрбиенің атасы» тақырыбымен өткен кездесуге 50-ге жуық адам қатысты.
«Халқымыз қайырымды- мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды-мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік – адамның рухани арқауы.
Жастарды үйде де, түзде де имандылық пен адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудің халықтық сан алуан әдіс-тәсілдердің бірі. Олардың бәріне тоқтала бермей, бірен-саранына сипаттама беруді жөн көрдік. Имандылық дегенде адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділікке тәрбиелеудің синонимі ретінде пайдалану байқалады. Әрине, имандылық бұлардан алыс емес, керісінше осыларды жүзеге асырудың сара жолы деп қараған жөн» деп атап өтті имам Рысбек Ахметұлы.
Кездесу барысында оқушылар сұрақтарын қойып, мектеп директоры Сәбит Сайфоллаұлы ой-пікірімен бөлісті.




