Ершат Ағыбайұлы Атырауда жұма уағызын жүргізді

Атырау қаласының орталық «Иманғали» мешітінде наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы жұма уағызын жүргізіп, «Исламдағы сауда-саттықтың әдебі» тақырыбында насихат айтты.

Асыл дініміз мұсылмандарға еңбек етіп, ешкімнің ала жібін аттамай, қиянат қылмай, адал жолмен нәпақа табуды бұйырады.

» Адал ризық табудың жолдары өте көп. Қасиетті Құранда және ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде адам баласының береке-ризықын арттыратын істердің қатарында аталған кәсіптің бір түрі – сауда саттық. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 275-аятында:

          وَأَحَلَّ اللَّهُ البَيعَ وَحَرَّمَ الرِّبا

«Алла сауда-саттықты адал, өсімқорлықты арам етті», – деген» деп атап өтті наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы.