Атырау облысына жұмыс сапары аясында Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің профессоры, Исламтану бойынша phd докторы Асқар Әкімханов Жылыой ауданына барып, жастармен кездесті.
Жастармен кездесу аясында ұстаз Асқар Әкімханов қоғам бірлігі, ынтымақта болудың маңызы, білім алу тақырыптарында насихат айтып, аудитория тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді.
«Ислам бізден үй ішінен үй тігіуді немесе түрлі ағымға бөлініп, кейбір діни-саяси топтың қолшоқпары болып, бүлік шығаруды емес, керісінше қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті ұстануды бұйырады. Сол себепті Алланың біздерге нәсіп еткен тыныштығын сақтайық. Пайғамбарымыздың ﷺ: «Сендерге бірге болуларыңды өсиет етемін. Бөлініп шығудан өтте қатты сақ болыңдар. Себебі, шайтан жеке басына өмір сүрген кісіге жақын болады. Бірге болған екі адамнан алыс тұрады. Кімде кім жәннәттің дәл ортасында өмір сүргісі келсе, бірге болуға мән берсін» (Тирмизи, Фитән 7) деген хадисі бар. Халқымызда да «Бірлік болмай, тірлік болмас деген сөз текке айтылмаған» деп атап өтті ұстаз Асқар Әкімханов.