Ғұсыл алуда дәретке ниеттің болуы міндет пе?

СҰРАҚ: Ғұсылмен намаз оқуға бола ма?

Жауап: Атының өзі айтып тұрғандай, ғұсыл – бұл тазару. Өз мәніне қарай, ғұсыл бой дәретті де, кіші дәретті де қамтиды. Яғни, ғұсыл құйынсаңыз, кіші дәретті де алған болып есептелінеді. Сонымен қатар, ғұсыл алу барысында дәрет алуға ниеттің болуы міндетті емес.

Бой дәрет үлкен әрі кіші рухани ластықтан тазартады. Егер үлкен тазару барысында кіші тазаруды бұзатын нәрсе орын алса, онда үлкен тазаруды басынан бастаудың қажеті жоқ, тек ғұсылдың аяғында жай дәретті жаңарту ғана керек. Ал, егер адам ыждаһаттылық танытып, ғұсылдан кейін тағы дәрет алатын болса, нұр үстіне нұр.