«Иман жастары» дәретхана құрылысына атсалысты

amin.kz/ 8 наурыз, 2020 жыл. Атырау қаласындағы Әт-Тақуа мешітінде дәретхана салынып жатыр.

Асарлатып салынып жатқан дәретхана құрылысына орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған «Иман жастары» еріктілері келіп, қол көмегімен атсалысты.


«Бұл нысан жамағат үшін маңызды құрылыс. Себебі, ислам тазалықтан басталады. Әрі біз өзіміздің игі ісімізбен жастарға, қоғамға үлгі болғымыз келді» дейді ерікті жастар.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай, Атырау өкілдігі көптеген жобаларды іске қосып отыр. Іс-шаралар жоспарында шалғай ауылдардың мешіттерін заманауи дәретханамен қамтамасыз ету де бар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: