Атырау қаласы, Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде жазғы сауат ашу курсында 35 жас шәкірт білім алуда.
Ер балалар мен қыз балаларға ұстаздар «Құран әліппесі» тақырыбы бойынша дәріс беруде.
Жазғы сауат ашу курсы тамыз айына дейін жалғасады.
«Дәрістер ер балаларға, қыз балаларға бөлек өткізілуде. Жас шәкірттердің зейінін аша түсу үшін сабақтармен бірге, ойын түрінде де іс-шаралар өткізіліп жатыр. Еркін форматтағы оқу балғындардың қызығушылығын туғызуда» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.