Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің шығармашылық ұжымы түсірген «Тәубе» қысқа метражды фильмін интернет қолданушылары жылы қабылдауда.
Қасиетті Рамазан құрметіне түсірілген фильм күнделікті өмірде орын алып жатқан боямасыз тірлікті көрсетеді.
Бес күндік дәуреннің қызығына буланып, ашкөздікке бой алдырып, Жаратушыны ұмытқан бас кейіпкер қалай тәубесіне келеді? Фильм осы сұраққа жауапты көрсетеді.
«Бұл жердегі мақсат – көрерменге ой салу болды» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Қысқаметражды фильмнің режиссері, қоюшы операторы Асхат Тантаев. Сценарий авторы Баян Жанұзақова. Басты рольде Қазақстанға белгілі театр актері Нұрбек Мадиев.
Фильмнің толық версиясын орталық «Иманғали» мешітінің ютуб желісіндегі ресми каналынан көруге болады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.