Исатай аудандық мешітінде мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды (+ ФОТО)

Исатай аудандық орталық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Шара аясында 50 мұқтаж отбасы бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

«Мешітімізде мұқтаж отбасылардың тізімі бекітілген. Тізім әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жетім, асыраушысыз қалған және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қамтиды. Қайырымдылық шарамызға бұл жолы «Капитал Констракшн Гроуп» мекемесі демеушілік жасады» дейді Исатай ауданының бас имамы Шалқар Дәулетханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.