Исатай ауданының орталық мешітінде құрбан шалынды (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 13 сәуір, 2020 жыл. Исатай ауданының орталық мешіті республикалық «Қайырымдылық керуені» жобасына үлес қосты.

Исатай ауданының бас имамы Шалхар Дәулетханұлының бастамасымен құрбандыққа сиыр малы шалынып, ел амандығы үшін дұға жасалды.

«Елімізде орын алып жатқан төтенше жағдайға байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алладан дұға тілеп, қайырымдылық істерді көбірек атқаруға үндеген болатын. Кейін осы Үндеуге Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қолдау білдіріп, игі бастамалар мұнайлы өлкеде күнделікті атқарылып жатыр.

Біз Алла разылығы үшін құрбандық шала отырып, құрбан малының етін жиырма отбасыға тараттық. Және етпен қоса, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеті қоса үлестірілді» дейді Исатай ауданының бас имамы Шалхар Дәулетханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.