Қазақтың беташар салты адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енді.
Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді», – деп жазды Ерлан Қарин.
ЮНЕСКО-ның ресми сайтындағы мәлімет бойынша материалдық емес мәдени мұра – қауымдастықтар өздерінің мәдени мұраларының бір бөлігі ретінде танылған тәжірибелер, салт-дәстүрлер, білім мен дағдылар, сондай-ақ олармен байланысты объектілер мен мәдени кеңістігін білдіреді деп көрсетілген.
Бұл ЮНЕСКО болашақ ұрпақ үшін сақтауға тырысатын жаһандық мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың таралу үшін маңызды. 2024 жылғы 2-7 желтоқсан аралығында Парагвайдың Асунсьон қаласында Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 19-шы отырысы өтіп жатыр.
Дереккөз: https://kaz.nur.kz