amin.kz/ 16 сәуір, 2020 жыл. Атырау қаласының аумағында әрекет ететін блок-бекеттерден өту ЕРЕЖЕСІ.
Атырау облысындағы төтенше жағдай режимі кезінде қабылданған шараларды орындау бойынша жедел штабтың жұмыс тобының (әрі қарай – жедел штаб) 2020 жылғы «5» сәуірдегі отырысының №1 хаттамасындағы 1 тармаққа сәйкес карантиндік аймақтан (блок-бекеттер) тыс жерлерге міндетті түрде тіркеліп кедергісіз өту үшін (ілеспе құжаттарды тексеру, техникалық құрал санын есепке алу, олардың өту уақыты, қозғалыс маршруты және қажет болған жағдайда оралу уақыты) және санитарлық-карантиндік шараларды өткізу, термометриялық және санитарлық-ағартушылық жұмыстар жүргізуге
ҚҰҚЫҒЫ БАР:
- Арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен автотранспорт құралдары, жедел жәрдем бригадасы, апаттық-құтқару қызметі және өрт сөндіру қызметі, ветеринария, коммуналдық апаттық қызметтер, электр, газ, су, жылумен қамту және телекоммуникациялық қызметтің апаттық бригадасы.
- Тек ғана жүк тасымалын іске асыратын жүк көлігі, оның ішінде азық-түлік өнімдерінің транзиті, (жануар текті азықты қоса алғанда), медикаменттер, жанар-жағармай материалдары, құрылыс материалдары, медициналық препараттар және бұйымдар, медициналық жабдықтар, қорғаныш, гигиена құралдары және азық-түлік тауарлары, сондай-ақ, өмірлік қажеттілік тудыратын және өндірістік қажеттілік үшін ілеспе құжаттары мен жүкті растайтын құжаттары басқа материалдар;
- Жедел штабпен келісілген ерекше қауіпті және маңызды стратегиялық объектілерді күзету қызметін ұсынатын жеке күзет фирмаларының қызметкерлері мен көлік құралдары;
- Инкассация қызметінің көлік құралдары;
- Атырау қаласында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шығу кезінде термометрия процедурасын, анкета толтыруды және 14 күндік үй карантинін сақтау бойынша қолхат беруді міндетті түрде сақтай отырып;
- Карантин жарияланғанға дейін ерте келген Атырау қаласына тиесілі емес Қазақстан Республикасының өзге аймақтарының тұрғындары Атырау қаласынан көлік құралдарымен шығарда жедел штабтың atyraushtab06@mail.ru электронды поштасына жазбаша өтініш жазуы арқылы келіседі;
- Қазақстан Республикасына ерте кірген шет мемлекеттердің азаматтары Атырау қаласынан шығарда;
- Атырау қаласында орналасқан пенитенциарлық жүйе мекемелерінде жазасын өтеп шыққан және карантиндік аймақтан тыс тұратын тұлғалар өздерінің тұрақты тіркелген орындарына бару үшін – бас бостандығынан айрылған жерлерден босап шығу анықтамасын көрсеткен жағдайда;
- Қайтыс болған адамның мүрдесін жерлеу орнына апара жатқан саны сегізден аспайтын жеке тұлғалар және тиісті растайтын құжаттары бар үш көлік құралдары;
- Растайтын тиісті медициналық құжаттары бар Атырау қаласына кіретін және шығатын медициналық көрсетілімдері бар облыс тұрғындары;
- Пойыз және локомотив бригадаларының мүшелері, сондай-ақ, теміржол тасымалдау процестеріне қатысатын тұлғалар, (қызметтік куәліктерін, жеке куәліктерін көрсету арқылы және жұмыс орнынан анықтама);
- Атырау облысының жедел штабымен келісілген – Ерекше жағдайларда.
Осы айтылғандардан тыс жағдайларда орнатылған блок-бекеттерден өтуге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ салынады.
Еске сала кетелік, Атырауда карантин 1 мамырға дейін ұзартылды.