Кісі ақысын жеген адамның дұғасы қабыл бола ма? Бас имам онлайн сұхбат берді

amin.kz/ 28 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде онлайн сұхбат берді.

Сұхбат барысында ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы жемқорлықтың исламда харам етілуінің мәні туралы кеңінен түсінік берді.

«Жемқорлық адамды кері кетіретін құбылыс. Жемқорлық бар жерде жеке адамның өсуінде де, мемлекеттік дамуында да алға басу болмайды. Және оның соңы қорлық.

Әрі жемқорлықтың ішінде кісі ақысын жеу деген де мәселе бар. Кісі ақысына кірген адам, сол кісінің кешірімін алмайынша, қиналады. Себебі, кісі ақысына кірген адамның дұғасы қабыл болмауы мүмкін» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы өз сұхбатында.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.