Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Hikmet.tv арнасының инстаграм парақшасында сұхбат берді (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 28 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мүфтиятқа қарасты Hikmet.tv арнасының ресми инстаграм парақшасының тікелей эфиріне мейман ретінде қатысты.

Тікелей эфир барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Рамазан айының қасиетіне байланысты сұхбат берді.

«Алла Тағала Өзінің қалауымен ораза құлшылығы үшін жыл-он екі айдың ішінен рамазан айын таңдаған екен. Олай болса, осынау таңдаулы айдың өзіне тән артықшылықтары да бар. Хақ Тағала ерекше айдағы ғибадатты бұлжытпай орындаған құлдарының мәртебесін де ерекше биіктетіп, мерейін асыруға уәде еткен» деп атап өткен Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы оқырмандардың сауалдарына жауап берді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.