Киттің ішінен аман шықты: Массачусетсте Юнус пайғамбардың оқиғасы қайталанды

Массачусетстің сүңгігіші киттің ішіндегі өлімнен аман қалып, Юнус Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) тағдырын қайталады.

56 жастағы Майкл Пакард Атлант мұхитының жағасында лобстер аулаған. Ол аквалангпен кемеден суға секіріп, кенеттен қатты соққыны сезген, содан кейін айналасы қараңғы болып кеткен.

«Кенеттен мен өте қатты соққы сезіндім, келесі байқағаным – толықтай қараңғылық. «Мен қозғалып жатырғанымды және кит аузындағы бұлшықеттерді қысып жатырғанын сездім», – деді Cape Cod Times басылымына ең үлкен сүтқоректілердің аузында болған Майкл Пакард.

Бірақ кенеттен кит су бетіне шығып, басын шайқай бастады да, дайверді шығарып тастады.

Сонымен бірге, Пакард жануардың тамағында болып, өлім туралы ойлаған кезде ұлдарын есіне алғанын айтты.

Ер адам оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілгені атап өтілген. Дәрігерлер жұмсақ тіндердің зақымдануын байқаған, бірақ ауыр жарақаттар мен сынықтар таппағандықтан оны үйіне жіберген.

Юнус Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын), қасиетті Кітаптардағы мәліметтерге сәйкес, Алланың бұйрығымен оның сыртқа шығуына дейін 3 немесе 7, немесе 40 күн киттің қарнында болған.

Ержан ҚУАНЫШҰЛЫ,

“Сұлтан Бейбарыс” мешітінің имамы, Атырау қаласы.