Махамбет аудандық орталық мешітінің бастамасымен түйе малы құрбандыққа шалынды.
Құрбан малының еті әлеуметтік жағдайы төмен, материалдық қолдауды қажет ететін 36 отбасына үлестірілді. Карантин талаптарын сақтау мақсатында, ет үйді-үйге мешіт қызметкерлері және еріктілердің жұмылуымен жеткізілді.
«Қайырымдылық іс шарасы барысында еліміздің амандығы, тыныштығы үшін дұға жасалды. Барша мұсылманның шалған құрбандығын, жасаған қайырымдылығын Алла Тағала қабыл етсін! Өзінің шексіз мейірімімен сансыз мол сауаптардан жазсын!» дейді Махамбет ауданының бас имамы Ержан Иманғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.