Атырауда орталық мешітте қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде өткен қайырымдылық жәрменкесіне құлшылық үйінің Жастар секторы мен Әйел-қыздар секторы жанынан құралған «Аңсарлар» тобы атсалысты.

«Жәрмеңке барысында тәтті торттар, кондитерлік өнімдер, үй компоты, ыстық тағамдар және сәбилерге арналған тоқыма киімдер қолжетімді бағада сатылды.

 Қайырымдылық мәселесі қазақ халқының салт-дәстүрінің сонау белестерінде де көптеп айтылған.

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің, –  демекші қандай қайырымды істер жасасаң да барлығы өзің үшін деп ата-бабамыз да мақал-мәтелдерде айтып қалдырған.


Жиналған қаражат қайырымдылық бағытына жұмсалады» дейді ұйымдастырушылар.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.