Атырауда «Халил Ұста» ет дүкендер желісі «ҚМДБ Халал» сертификатын жаңартты

«Иманғали» орталық мешітінде Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен «Халал Даму» мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлының қатысуымен «Халил Ұста» ұйымы өкілі Мубарис Кориковке сертификат табыс етілді.

Қазіргі таңда Атырауда «Халил Ұста» дүкендер желісінің үш нүктесі қызмет көрсетуде. Олар Сәтпаев, Махамбет көшелерінде, Вокзал маңы ықшамауданында орналасқан.

«Халал Даму» мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш дүкендерге 1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу», 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігі анықталды.

Сертификат 01.02.2022 жылға дейін жарамды.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.