Махамбет аудандық орталық мешітнің ұйымдастыруымен мұқтаж шаңырақар үшін қайырымдылық шарасы өтті.
Ізгілік акциясы 20 отбасын қамтыды. Олардың қатарында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жалғызбасты отбасылар бар.
«Қоғамда да күнделікті жиі қолданылып отыратын дана сөздерінің бірі: «Кең болсаң – кем болмайсың» деудің мәніне үңілсеңіз адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзеп отыр. Яғни, төрт құбыласы тең болады.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін ұмытпайық. Бес күндік пәни дүниеде қайырлы іс жасап, көп балалы отбасына, балалар үйіне, қарттар үйіне аса көңіл бөлейік» дейді Махамбет ауданының бас имамы Нұрбек Ибайдуллаев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.