Махамбет ауданында қайырымдылық шарасы өтті

Махамбет аудандық орталық мешітінде Рамазан айына байланысты қайырымдылық шарасы өтті.

Ізгі шара аясында 15 отбасына азық-түлік таратылды. Әрқайсы 30 келі болатын пакеттерге бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер салынды.

«Акция – әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарды қамтыды. Мейірім айында сауап еселенеді. Қайырымдылық шарасы жалғасады» дейді ұйымдастырушылар.