Махамбет ауданында Құран жарысы өтті (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Махамбет аудандық орталық мешіттің ұйымдастыруымен Құран жарысы өтті.

Құранның 30 парасын жатқа айтудан және тәжуид ережесіне сай Құранды мәнерлеп оқудан өткен сайысқа барлығы оннан астам шәкірттер қатысты.

Орталық «Иманғали» мешітінің азаншысы Саламат Иманғалиев және ұстаз Наркес Боханов қазылық еткен бәсеке қорытындысымен

Қайырбек Манарбеков бірінші орынды иеленді.
Екінші және үшінші орындарды Болат Мұрат пен Ербол Әбілтаев өзара бөлісті.

«Жеңімпаздарға 30 мың, 50 мың және 70 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Қалған қатысушыларға 10 мың теңгеден сый берілді. Мақсатымыз – жүрегінде иманы бар, отансүйгіш жастарды тәрбиелеп шығару. Себебі, қасиетті Құран адам жүрегін ізгілікке, ғылым жолында ізденуге үндейді» дейді Махамбет ауданы бас имамы Ержан Иманғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.