Махамбет ауданында ашылған Ақтоғай ауылдық мешіті 150 орындық.
Құлшылық үйінің ашылу рәсіміне Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысты.
«Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, Ақтоғай ауылы ерекше қуанышқа кенеліп отыр. Мешітті «Бастау Констракшн» компаниясының басшысы Ибрагим Аманбайұлы демеушілікпен салып отыр. Азаны бар ауыл азбайды. Мешіт руханияттың, тәрбиенің ордасы ретінде қызмет ететін болады» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Ерлер, әйелдер намаз залы, Құран оқитын бөлме, имамдар бөлмесінен тұратын мешіт заманауи үлгіде салынған.
Мешіт жанында имам үйі, асхана, таһаратхана бар.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.