Атырау селолық мешіті жергілікті амбулаторияға сый жасады

Қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне орай, Атырау селолық мешіті Дамбы дәрігерлік амбулаториясы ұжымын құттықтады.

Атырау селолық мешітінің имамы Санат Өскенбаев бастаған мешіт ұжымы және бір топ жамағат, Дамбы дәрігерлік амбулаториясына ауыз су диспенсерін табыс етті.

«Амбулатория сырқаттанған адам ем іздеп жиі келетін орын. Бұл жердегі дәрігерлердің еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық. Емхана ұжымына Құрбан айт кезінде айрықша сый жасауды ұйғардық» дейді Атырау селолық мешітінің имамы Санат Өскенбаев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.