Атырауда Қажымұқан Мұңайтпасов мешіті 70 отбасына ет таратты

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің бірінші күні Жұлдыз ықшамауданында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов мешіті 70 отбасына құрбан малының етін таратты.

Әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарға құрбан малының етімен бірге, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері үлестірілді.

Қасиетті мереке күндеріндегі қайырымдылық шаралары жалғасуда.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.