Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы орталық “Иманғали” мешітінің жамағатына Мұрат Мұстафаевты таныстырды.
“Атырау облысы орталық “Иманғали” мешітінің наиб имамы болып тағайындалған Мұрат Мұстафаев білікті маман. Ол оқу-ағарту саласына жауапты болады. Діни білім алуға ниет білдірген Атырау облысының жастарына Мұрат Жамалитдинұлы бағыт-бағдар беретін болады” деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Мұстафаев Мұрат Жамалитдинұлы 1987 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.
2011-2014 жылдары “Астана” медресесінде, 2015-2019 жылдары Шымкент қаласындағы Халықтар достығы университетінде “педагогика және психология” мамандығы бойынша білім алған.
2015-2019 жылдары Атырау қаласында орталық “Иманғали” мешітінде наиб имам болып еңбек етті. 2019-2022 жылдары Түркия Республикасындағы Хасеки институтында оқыды.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.