Атырауда «Иманғали» мешіті ұжымы құрбандық шалды

«Иманғали» орталық мешіті ұжымының ұйымдастыруымен ірі – қара мал құрбандыққа шалынды.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы құран оқып, қасиетті құрбан айттағы шалынған құрбандықтың қабыл болуына дұға тіледі.

«Алла Тағала шалған құрбандығымызды қабыл етіп, екі дүниеде жүзімізді жарық қылғай. Шынайы ниетпен тіленген жамағаттың дұғасы қабыл болсын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Құрбан малының еті мұқтаждарға таратылады.