Атырауда орталық мешітте айт құрметіне 200 балаға айттық үлестірілді

«Иманғали» орталық мешітінде 200 балаға айттық сыйлықтар үлестірілді.


Құрбан айт мерекесі құрметіне орталық «Иманғали» мешіті бүлдіршіндерге айттық тәттілер таратты.

Шараға қатысқан Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құрбан айт ізгі мереке екендігін атап өтті.

«Бұл күндері әр шаңырақта қуаныш болуы керек. Жас ұрпақтарымыз да қасиетті мерекені сезініп өскенін қалаймыз. Сол себепті жыл сайын дәстүрлі түрде балаларға сыйлықтар жасап тұрамыз. Басты мақсат – қуаныш сыйлау» деп атап өтті Бас имам.

Мұндай игі шара облыстың барлық мешіттерінде өтіп жатыр.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.