Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.
Атап айтар болсақ, қазақша күрес, гір тасын көтеру, арқан тартыс және бүлдіршіндер арасында асық ату ойын түрлерінен сайыс өтті.
Кәсіби спорт жаттықтырушылары төрелік еткен қазақша күресте 21 адам бақ сынады.
Сайыс қорытындысында жүлделі бірінші орынды Құдайберген Мансұр, екінші орынды Бүркіт Ақжол, үшінші орынды Боранбайұлы Асылжан иеленді.
Кір тасын көтеруден 1-орынды Досқалиев Досқали, 2-орынды Ізғалиев Руслан, 3-орынды Багенов Дулат жеңіп алды.
Қол күресі бойынша 1-орынды Абуталиев Мұрат, 2-орынды Байсмақов Дастан, 3-орынды Нұрышев Жәлел иеленді.
Ал, балалар арасында өткен асық ату сайысынан Рашқали Әлихан бірінші, Зираш Мейірхан екінші және Руслан Ибрахим үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздардың барлығына медальдар, дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, мешіт жамағаты арасындағы «Спорт – денсаулық кепілі» атты волейбол лигасының жеңмпаздары да марапатталды. Бір айға созылған сайыста І орынды «Мәулімберген» мешіті жеңіп алды.
ІІ орынды «Анашым» мешіті, 3-орынды «Иманғали» мешітінің командалары иеленді.
Жеңімпаздар арнайы кубок пен сыйлықтарға ие болды. Жеңімпаздарды Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, Атырау облысы дін істері басқармасының бас маманы Мұхтар Шәрапиденұлы құттықтады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.