Атырауда орталық мешітте Айт намазына 3000-ға жуық адам жиналды

Атырауда қасиетті Құрбан айт намазы барлық мешіттерде жергілікті уақытпен таңғы сағат 6.30-да оқылды.

Айт намазын орталық мешітте Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жүргізді.

Намаздан соң Бас имам жұртшылықты қасиетті мерекемен құттықтады.

«Құрбан айт – Аллаға ізгі амалдарымызбен жақындайтын ерекше мереке. Бауырмалдықты, адамгершілікті арттыратын мереке күні облыстың барлық мешіттерінде түрлі шаралар жоспарланған. Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.