Махамбет ауданындағы Қасым хан мешітіне жаңа имам тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Махамбет ауданының Бейбарыс ауылындағы Қасым хан мешітіне жаңа имам тағайындалды.

Облыстық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Ерболат Боханов ауыл тұрғындары мен мешіт жамағатына жаңа имамды таныстырды.

Берік Тілепбергенов – 1993 жылы  Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылында дүниеге келген.


2018-2021 жылдары аралығында Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе колледжінде оқыған.

Бұған дейін Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінде наиб имам болып қызмет атқарды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.