amin.kz/ 21 шілде, 2020 жыл. Аталған ауданның «Исатай – Махамбет» аудандық орталық мешіті ұжымы тарап жатқан індеттен халқымызды аман сақтауды сұрап, ірі – қара малды құрбандыққа шалды.
Ел амандығы үшін дұға жасалып, құрбан малының еті әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасына үлестіріліп берілді.
«Әлемді жайлаған індет біздің елімізге де ауыр тиіп жатыр. Қаншама бауырларымыз көз жұмды. Ауыр сырқаттан ем алып жатқан науқастар саны да жетерлік. Алла Тағала ниетімізді қабыл етіп, жасаған сауапты амалдар, садақаларымыз пәле-жаланың бетін қайтарады деп сенеміз» дейді Махамбет аудандық орталық мешітінің бас имамы Ержан Иманғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.