Жылыой ауданында науқастанып жатқан 350 отбасыға дәрі-дәрмек таратылды (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 21 шілде, 2020 жыл.  Бұл дәрілер мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтің Атырау халқына жолдаған гуманитарлық көмегінің бір бөлшегі.

«Әлемді жайлаған пандемия халқымызға оңай тиіп жатқан жоқ. Осы дәрілер сырқаттанып жатқан бауырларымызға шипасын тигізсе дейміз. Қиын жағдайда бірлігіміз де сыналып жатыр. Мешітімізге дәрі-дәрмек сұрап 400-ге жуық отбасы хабарласты. Біз барлығын қамтамасыз етуге тырыстық. Еріктілеріміз дәрі-дәрмекті үйді-үйге апарып үлестірді.

Жақынымызға қамқор болып, карантин талаптарын сақтауға, жақсылықтан үміт үзбеуге шақырамын» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға «Сәби» қайырымдылық қоры арқылы мемлекет жəне қоғам қайраткері  Иманғали Тасмағамбетовтің жалпы құны 26 ​ миллион 450 мың теңге көлемінде болатын дәрі-дәрмек жөнелткенін хабарлаған болатынбыз.

Гуманитарлық көмек Атырау облысы бойынша 3000 отбасыға таратылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.