Атырау облысына жұмыс сапарымен келген маңғыстаулық имамдар делегациясын Атырау облысы дін істері басқармасы басшысы Хайролла Көшқалиев қабылдады.
Қабылдау барысында тараптар батыс өңіріндегі діни ахуал, мешіттердің ішкі жағдайы, кадр мәселесі тақырыптарын талқылады. Және дін саласында атқарылатын алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.
Атырау облысы дін істері басқармасы басшысы Хайролла Көшқалиевтің айтуынша, дін саласында осындай тәжірибе алмасу сапарлары аса қажет.
«Себебі, дін мамандары ортақ мақсатқа жұмыс істеп жүрген азаматтар. Және ортақ тәжірибе алмасулар жаңа идеялардың, жаңа бағыттардың тууына алып келеді» деді ол.
Одан әрі Маңғыстау облысының Бас имамы Әнуар Елжанов бастаған делегация Атырау облысының тарихи-өлкетану музейіне арнайы барып, ондағы жәдігерлермен танысты.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.