Мақат аудандық орталық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Акция аясында 25 отбасына азық-түлік таратылды.
«Іс-шара әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларды қамтыды. Азық-түлік себеттері бірінші қажеттіліктегі тағамдармен толықтырылды. Сонымен бірге, екі отбасына 160 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Біздің мақсатымыз – қамкөңіл жандарға демеу болу» деп атап өтті Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.