Мақат аудандық мешітінде 25 отбасына азық-түлік таратылды (+ ФОТО)

Мақат аудандық орталық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Акция аясында 25 отбасына азық-түлік таратылды.

«Іс-шара әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларды қамтыды. Азық-түлік себеттері бірінші қажеттіліктегі тағамдармен толықтырылды. Сонымен бірге, екі отбасына 160 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Біздің мақсатымыз – қамкөңіл жандарға демеу болу» деп атап өтті Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.