Мақат аудандық орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай, Мақат аудандық орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Іс шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасына азық-түлік пакеттері табыс етілді.

«Мәуліт – ізгіліктің, мейірімділіктің айы. Мәуліт айында біз Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмірі, өсиеті, рухани құндылықтар туралы кеңінен ақпарат алып, оқуымыз керек. Сонымен бірге, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жасаған амалдарды қоғамға үлгі етіп, өзіміз де атқаруымыз керек. Бүгінгі қайырымдылық шарасы – аятқа жасап отырған амалымыз» деп атап өтті Мақат аудандық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.