Мақат ауданына қарасты Доссор кентіндегі Доссор орталық мешітіне Мұхаммед Сапарұлы имамы болып тағайындалды.
Жаңа имамды жергілікті жамағатқа Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов таныстырды.
Мұхаммед Сапарұлы 2017-2018 жылдар аралығында Атырау қаласының Жұлдыз ауылына қарасты Қажымұқан Мұңайтпаспов атындағы мешітінде наиб имам,
2018-2023 жылдары Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылындағы «Аманияз ата» мешітінің имамы болып еңбек еткен.