Мақат ауданына қарасты Доссор мешітіне имам тағайындалды

Мақат ауданына қарасты Доссор кентіндегі Доссор орталық мешітіне Мұхаммед Сапарұлы имамы болып тағайындалды.

Жаңа имамды жергілікті жамағатқа Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов таныстырды.

Мұхаммед Сапарұлы 2017-2018 жылдар аралығында Атырау қаласының Жұлдыз ауылына қарасты Қажымұқан Мұңайтпаспов атындағы мешітінде наиб имам,
2018-2023 жылдары Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылындағы «Аманияз ата» мешітінің имамы болып еңбек еткен.