Мақат ауданында білім сайысы өтті

Мақат аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында білім сайысы өтті.

Білім бәйгесіне 6 команда қатысты. Қазақ халқының салт-дәстүрлері, тарихы, дін саласында сауалдарға жауап берген шәкірттер өзара білімдерін сарапқа салды.

Білім бәйгесінде бірінші орынды «Ихсан» тобы иеленді. Екінші және үшінші орындарды «Ислам» тобы мен «Иман» тобы өзара бөлісті. Жеңімпаздардың барлығы арнайы диплом, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.