Мақат аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасын білім сайысы өтті. Білім бәйгесінде 9 команда бақ сынады.
«Алла елшісі (с.а.с) білім алудың парыз екендігі және өте маңызды амалдардан екені туралы айтады: «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, Алла Тағала оған жәннатқа бару жолын жеңілдетеді. Періштелер ғылым ізденушінің талабына разы болып, оның аяғының астына қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалымға көктегілер және жердегілер, тіпті, судағы балықтарға дейін жарылқау тілейді».
Ислам – білімді үйреткен ұстазды да, білім алған шәкіртті де құрметтейді. Себебі, білімі жоқ адам тура жолдан тез таяды. Сол себепті, мұсылман үмбеті Пайғамбарымыздың (с.а.с) өсиетін орындап, өзін жан-жақты дамытып, білімге ден қойғаны абзал» дейді Мақат ауданының имамы Біләл Сағындықов.
Сайыс қорытындысымен бірінші орынды «Имам Матуриди» тобы иеленді. Екінші және үшінші орынды «Алаш», «Таухид» тобы өзара бөлісті. Жеңімпаз командалар қаржылай сертификаттармен марапатталды.